Қазан айының 8 мен 11 аралығында Польшада арбамен билеуден Халықаралық лицензиялық турнир өтті. Жарсықа әлемнің 16 елінен 120 спортшы қатысты. Елордалық спортшы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ардақ Оторбаев жекелей сында Combi Latina class1 санаты бойынша 2 күміс жүлдені жеңіп алса, жұптық сында Combi Standart class2 санатында Айдана Бегленовамен 2 қола жүлденің иегері атанды.
Турнир қорытындысы бойынша спортшымыз 2022 жылы Кореяда өтетін пара биден Әлем чемпионатына лицензия жеңіп алды.
Сондай-ақ елордалық спорт мектебінің спортшысы Малика Мұқтарова Польшада төртінші орынға тұрақтады. Естеріңізге сала кетейік, Малика Әлем чемпионатына лицензияны Италияда өткен Әлем кубогінде жеңіп алған болатын.
«Карантиндік шектеулерге байланысты екі жылға жуық жарысқа шықпадым. Мен үшін бұл турнир ұзақ уақыт үзілістен кейінгі алғашқы халықарлық дода. Дегенмен жаттықтырушымыз Алия Майданқызының берген бағытымен мен ойдағыдай өнер көрсеттім. Турнирде жалпы 32 рет биледім. Турнир қорытындысы бойынша біздің Қазақстан құрамасы жақсы өнер көрсетті деп ойлаймын. Алда енді Әлем чемпионаты. Қарсыластарымыз осал емес, сондықтан жаттығуға барынша күш саламыз. Мені қолдаған барша жандарға, отбасыма, жаттықтырушыма, спорт мектебі ұжымына алғысымды білдіргім келеді. Сенімдерін ақтауға тырысамын»-деді, Ардақ Оторбаев.