Елордалық спорт мектебінің бишісі Оторбаев Ардақ халықаралық турнирде күміс медальға ие болды

Елордалық спорт мектебінің бишісі Оторбаев Ардақ халықаралық турнирде күміс медальға ие болды

Финляндияның Тампер қаласында арбамен билеуден Халықаралық лицензиялық турнир аяқталды. Жарыс 1 – 5 тамыз аралығанда өтті, жарысқа әлемнің 12 мемлекетінен спортшылар қатысты.

Пара билеуден елордалық спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Оторбаев Ардақ жеке өнер көрсетуде екінші орын алып, осы жылғы күзде өтетін Әлем Чемпионатына лицензияға ие болды.

«Қазір Әлем чемпионатына дайындық жүріп жатыр, бұл турнир лицензиялық болды, біздің спортшы Ардақ өзін көрсетіп, лицензияға ие болды. Қыркүйек айында Санкт-Петербург қаласында арбамен билеуден Әлем кубогы өтеді. Қазіргі уақытта елордалық мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған БЖСМ-да спортшылардың жаттығуына барлық мүмкіндіктер жасалған, мектеп басшылығы мен спорт басқармасына алғыс білдіремін» - деп бөлісті ҚР Еңбек сіңірген спортшысы Тусупбекова Алия.

2


Поделиться в соц. сетях: