Елордалық спортшылар футзалдан Қазақстан Республикасының қола жүлдегерлері атанды

Елордалық спортшылар футзалдан Қазақстан Республикасының қола жүлдегерлері атанды

Бүгін Нұр-Сұлтанда есту қабілеті нашар (14-17 жас) жасөспірімдер арасында футзалдан Қазақстан Республикасының біріншілігі аяқталды.

Финалда елордалық құрама 3:0 есебімен Алматы қаласының командасын жеңіп, үшінші орынға ие болды. Екінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары иемденді. Ал жеңімпаз – Шымкент қаласының командасы.

Салтанатты марапаттау рәсімінде елордалық мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің басшысы Әубәкіров Нұржан Өміржанұлы, сондай-ақ ҚР Сурдоспортының бас жаттықтырушысы Максим Рожков сөз сөйледі.

"ҚР Біріншілігінің барлық қатысушыларын құттықтаймын. Сіздер бізге командалық рухтың мықтылығын көрсеттіңіздер. Командадағы барлық ойыншылармен түсінісу және өзара бірлесе әрекет ету қаншалықты маңызды екенін көрдік. Жарайсыздар! Баршаңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын, зор денсаулық және жаңа жеңістер тілеймін", – деді мектеп басшысы.

futzal 2

futzal 3


Поделиться в соц. сетях: