Елордалық суда жүзушілер ҚР Спартакиадасында 13 медаль жеңіп алды.

Елордалық суда жүзушілер ҚР Спартакиадасында 13 медаль жеңіп алды.

Нұр-сұлтанда тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында суда жүзуден Қазақстан Республикасының VI Спартакиадасы аяқталды. Жарыс "Барыс-Арена" спорт кешенінде өтті, барлығы 130 спортшы қатысты.

11 спортшыдан құралған елорданың құрама командасы 13 медаль жеңіп алды. Жарысқа халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, Токиодағы Паралимпиада ойындарының қатысушысы Далиев Сиязбек қатысты, оның қоржынында 3 алтын медаль бар.

Салтанатты марапаттауға мектеп басшысы Нұржан Өміржанұлы Әубәкіров қатысты. Жарыс нәтижесінде біздің спортшыларымыз жалпыкомандалық 6-орынды (көру мүшесі) және 8-орынды (ТҚАЗ) иеленді.


Поделиться в соц. сетях: