Есту қабілеті зақымдалған жасөспірімдер мен бабалар арасында жүзуден ҚР Чемпионаты бастау алды.
Бүгін Астана қаласындағы "Алатау" спорт кешенінде есту қабілеті зақымдалған балалар мен жасөспірімдер арасында ҚР Чемпионаты бастау алды.
Жарысқа:Астана,Алматы,
Шымкент,Тараз,Қостанай,
Павлодар,Көкшетау,
Қарағанды,Семей,Ақтөбе қалаларынан 68 спортшы сынға түсті.
РМҚК дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды даярлау орталығының басшысы Махамбетов Мейрамбек Жанболатұлы іс-шараның ашылу салтанатында спортшыларға жарыс кезінде сәттілік тілеп,спортшыларға Чемпионаттың сәтті өтуіне тілек білдірді.
Атап өтейік,жарыс барысында спортшылар :
- 25 м еркін стильде жүзу
- 50 м еркін стильде жүзу
- 100 м брасс
- 25 м арқамен жүзу
- 100 м комплексті жүзу
- 200 м еркін стильде жүзу
- 200 м арқамен жүзу
- 200 м баттерфлей
- 4×5 еркін стильде жүзу
жүзу түрлері бойынша бақ сынады.