Украинаның Львов қаласында 15 – 21 шілде аралығында есту қабілеті төмен спортшылар арасында Еуропа чемпионаты өтті.
Біріншілікке 20 мемлекеттен 20-ден астам адам келді: Белорусь, Хорватия, Чехия, Эстония, Англия, Германия, Голландия, Израиль, Қазақстан, Латвия, Молдова, Румыния, Португалия, Польша, Сербия, Словения, Словакия, Швеция және Швейцария. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша қатысушы командалардың саны бойынша бұл біріншілік тарихтағы ең ауқымдылардың бірі болып табылады. Жарыс квалификациялары және әлемдік рейтингке әсер етеді.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық мектептің спортшысы қола медальға ие болды. Алия шахматтан ҚР СШҮ, 2019 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдергері, 4-5 рет республикалық жарыстарда медальдарға ие болды. Спортшы үшін келесі кезең қысқы Сурдолимпиадалық ойындар, олар Италияда 12 – 21 желтоқсан аралығында өтеді.
Бағдарламаға алғаш рет шахмат енгізілген. Жеті жылдан бері спортшының жаттықтырушы Дауренбеков Сагимбай Болсбекович болып табылады, жаттықтырушының айтуы бойынша енді олар қысқы жарысқа дайындалады...