Бүгін осы салтанатты күні "Алатау" спорт сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай есту қабілеті нашар спортшылар арасында футзалдан Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионаты өтті.
Жарысқа Нұр-Сұлтан, Қостанай және Көкшетау қалаларынан төрт команда қатысты. Қатысушылардың жалпы саны қырықтан астам спортшыны құрады. Спортшыларды мерекелерімен құттықтауға спорт мектебі басшысының орынбасары Манашев Әнуар Дулатұлы, сондай-ақ демеушілермен жұмыс жөніндегі үйлестіруші Әбенова Роза Баетқызы келді.
Ашық чемпионаттың қорытындысы бойынша елордалық команда жеңімпаз атанды, Көкшетау қаласының командасы екінші орын алды және Нұр-Сұлтан қаласының жасөспірімдер құрама командасы қола жүлдегер атанды.
- Чемпионаттың үздік ойыншысы - Серік Борамбай
- Чемпионаттың үздік қақпашысы - Білімхан Кузаир
- Чемпионаттың үздік шабуылдаушысы - Демьенко Олег
Айта кетейік, 2021 жылы мектебіміздің жасөспірімдер құрама командасы Футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионатында 3-орынды жеңіп алды. Жарыс соңында мектеп тренерлері Тәжібай Жұмабекұлы және Қайратбек Әнуарұлы жеңімпаздарды грамоталармен, медальдармен және сыйлықтармен марапаттады.