Өзбекстанда есту қабілеті нашар спортшылар арасында шахматтан халықаралық турнир аяқталды.
Жарыс "Блиц" және "Рапид" ойындары бойынша өтті. ТМД елдерінен барлығы қырықтан астам шахматшы қатысты. Елордалық спортшы Жилина Раушания "блиц" ойыны бойынша халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды. Турнир жыл сайын өтеді және гроссмейстер Әлішер Анарқұловты еске алуға арналған.