Алматыда мүгедек спортшылар арасында армрестлингтен Қазақстан Республикасының Чемпионаты аяқталды. Жарысқа республиканың барлық өңірлері мен қалаларынан 250 спортшы қатысты.
Елордалық мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің спортшылары 9 медаль жеңіп алды:
Есту қабілеті нашар спортшылар бойынша
- Қамзаев Ержан – 1 орын (+100 кг)
- Жумагалиева Дания – 2 орын (60кг)
- Рыжкова Татьяна – 2 орын (+70 кг)
- Есмағанбетова Айнұр – 3 орын (70кг)
- Мусин Арман – 3 орын (60 кг)
- Кожемякин Руслан – 3 орын (100 кг)
СПОДА
- Қабылов Асхат – 3 орын (80 кг)
- Аушамов Серікбай – 3 орын (75 кг)
- Бүркітов Бекзат – 3 орын (55 кг)
"Жалпы, нәтижеге ризамын. Спортшылар арасында Азия және Әлем чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері болғанына қарамастан, олар өздерін көрсете алды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші және екінші орындарға ие болғандар Азия және Әлем Чемпионатына қатысатын болды. Енді сәуір айының аяғында Самарқандта өтетін Азия чемпионатына дайындық жасаймыз", – деді елордалық құраманың жаттықтырушысы Заир Далимбекұлы.