Нұр-Сұлтанда парадзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, жарыс 4-5 ақпан күндері Параолимпиадалық жаттығу орталығында өтті. Ел біріншілігіне 60-тан астам спортшы қатысты. Елорданың намысын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек-спортшыларға арналған спорт мектебі" дзюдошылары қорғады.
Елордалық спортшыларда 5 медаль бар:
- Азамат Жамауов - 1 орын (60 келі)
- Досан-Аман Жандос - 1 орын (100 кг)
- Арыстанбек Бауыржан - 2 орын (66 кг)
- Гүлдібаев Қайырлы - 3 орын (73 кг)
- Шамей Ерғали - 3 орын (73 кг).
«Парадзюдо тарихында Республика Чемпионаты екінші рет өткізіліп отыр. Жеткен жетістіктерімізге өте қуаныштымын, шәкірттерім екі алтын, күміс және екі қола жеңіп алды. Біздің жаттығуларымыз Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтуде. Оқу ғимараты жанындағы спорт клубқа келетін университет студенттері шәкірттеріммен жекпе-жекке шығып, қолдау көрсетіп тұрады. Дзюдошыларымның көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар, бірақ бұл олардың спортпен шұғылдануына және өз рухының күшін көрсетуге кедергі келтірмейді.
Биылғы жылы Токиода Дүниежүзілік Паралимпиадалық ойындар өтеді. Шамей Ерғали, Арыстанбеков Бауыржан және Досан-Аман Жандостың осы жарысқа қатысуға мүмкіндігі болады деп ойлаймын, барлығын жаздың басында өтетін әлемдік рейтингтің қорытындысын шешеді. ҚРЧ ұйымдастырушыларына және жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін", – деді парадзюдо жаттықтырушысы Оразов Дәурен Оразұлы..