Қазақстан Республикасының біріншілігінде елордалық пара таеквондошылар алтын мен қола медаль жеңіп алды

Қазақстан Республикасының біріншілігінде елордалық пара таеквондошылар алтын мен қола медаль жеңіп алды

Таразда 1-4 маусым аралығында пара таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің тоғыз облысынан елуден астам спортшы қатысты.

Елордамыздың намысын "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің" спортшылары Далиев Сиязбек, Марденов Ринат, Меңдіғалиев Тимур және Сүлейменов Алмат қорғады.

Біріншіліктің қорытындысы бойынша Далиев Сиязбек алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан чемпионы атанды. Ол к-41 классында 70 кг салмақта өнер көрсетті. Қола медаль к-44 классында 58 кг-дық салмақта жарысқа түскен Марденов Ринаттың еншісіне бұйырды.

"Өз шәкірттерімнің нәтижелеріне ризамын, чемпионат жақсы деңгейде ұйымдастырылған деп айта аламын. Сиязбек өзін жан-жақты көрсете білді және алтын медаль жеңіп алды. Спортшымыз пара таеквандодан Қазақстан ұлттық құрамасы қатарында. Биыл ол Азия Чемпионатына қатысады. Жалпы, біздің спортшыларымыз бар күш-жігерлерін салып өнер көрсетті, енді қателіктермен жұмыс істеп, келесі жылы көбірек алтын медаль алуға тырысамыз", – деді елордалық құраманың жаттықтырушысы Ербол Симамбаев.


Поделиться в соц. сетях: