Армрестлингтен Қазақстан Республикасының чемпионатында мүгедектігі бар елордалық спортшылар алтын мен күміс медальді жеңіп алды.
Талғар қаласында мүгедек спортшылар арасында армрестлингтен Қазақстан Республикасының біріншілігі аяқталды. Елордалық спортшылар жарыста екі медальға ие болды: Әлімжанов Еркін 1 орын (80 кг), Аушамов Серікбай 2 орын (75 кг).
"Біз қаламызда армрестлинг секциясының ашылуын күтіп жүргенбіз. Өткен айда елордада БЖСМ-де қабылдау басталды. Мен алғашқылардың бірі болып жазылып, жаттығуға бара бастадым. Біздің жаттықтырушымыз кәсіби маман, еңбек өтілі жоғары. Бұл жолы мен екінші орын алдым, бірақ бұл тек бастамасы. Алдағы жарыстарда бұдан да жақсы көрсеткіш көрсетуге ұмтыламын", - деп жарыстан кейін Аушамов Серікбай өз ойымен бөлісті.
Елордалық құраманың жаттықтырушысы Ахмедов Заир жарыс қорытындысы бойынша спортшылар Аушамов пен Әлімжанов армрестлингтен алдағы уақытта өтетін Азия чемпионатына қатысатынын айтты. Жарыс осы жылдың жазында, Қазақстанда өтеді.