Қазақстан Республикасының чемпионатында футзалдан елордалық құрама команда бірінші орын жеңіп алды

Қазақстан Республикасының чемпионатында футзалдан елордалық құрама команда бірінші орын жеңіп алды

Шымкент қаласында есту қабілеті нашар спортшылар арасында футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарыс 14-18 наурыз аралығында 12-15 жастағы жасөспірімдер мен 16-18 жастағы жастар арасында өтті. Алматы, СҚО, Қызылорда, Ақтөбе облысытарынан және Нұр-сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларынан барлығы 7 команда қатысты.

ҚР чемпионатының қорытындысы бойынша біздің жасөспірімдерден құралған командамыз (12-15 жас) қола медальға ие болса, жастар командасы (16-18 жас) чемпион атанды!!! Сондай-ақ, жасөспірімдер командасында (12-15 жас) өнер көрсететін спортшымыз Елжан Мусин үздік қақпашы деп танылса, ал жастар арасында (16-18 жас) Егор Куткин үздік шабуылшы атанды.


Поделиться в соц. сетях: