Мектебіміздің спортшылары Шәмей Ерғали мен Жамауов Азамат пара дзюдодан ұлттық құрама сапында Түркияда өткен Халықаралық турнирде жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алды.
6-8-сәуір аралығында Анталья қаласында пара дзюдодан халықаралық турнир өтті. Оған 13 мемлекет, 100-ден астам спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша командалық жарыста Қазақстанның құрама командасы бірінші орынға ие болды.