Ақтөбе қаласында өткен пара дзюдодан Қазақстан Республикасының Кубогы өз мәресіне жетті.
Жаттықтырушы Даурен Оразов жарыс туралы :
"28 қараша күні Ақтөбе қаласында дзюдодан жарыс өтті.Жарысқа Астана қаласының 5 балуаны қатысты.
60 кг салмақ дәрежесінде Жамауов Азамат чемпион атанды.
90 кг салмақ дәрежесінде Бекентаев Ерболат 2 орын,
+90 кг салмақпен ,Шаймерденов Қайрат 2 орын алды.
Гүлдебаев Қайырлы 5 орын алды.
Алматы,Астана,Тараз,Ақтөбе,
Ақтау,Қызылорда, Атырау қалаларынан 40 -қа жуық спортшы бас қосты.Спортшыларым жүлделі орын алғаны үшін қуаныштымын .
Спортшыларыммен мақтанамын"- деп өз ойымен бөлісті.
Жарыс жеңімпазы Жамауов Азамат жарыс туралы:
"Жарыс жоғары деңгейде өтті.
Осы жарысқа тыңғылықты дайындықпен келдім.
Аптасына 5 күн 2 - 3 сағаттан жаттығу залына арнадым.
Жарыс барысында өзімнің арнайы тактикамды қолдандым.Бұл - желкеден алу және сол жақ жаңбасқа алу.
Алдағы уақытта қаңтар айында пара дзюдодан өтетін Қазақстан Республикасының чемпионаты тұр.Елордаға келген соң келесі жарысқа қызу дайындыққа кірісетін боламын "-деп жарыс жеңімпазы өз ойымен бөлісті.