ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ДИДАР МҰХАМЕДЖАНОВҚА СПОРТТЫҚ АРБА СЫЙҒА ТАРТТЫ

Бүгін Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов, «BI Group» басқарма төрағасының Бизнес -сервис жөніндегі орынбасары, Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты Талғат Кожахметов және қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев паралимпиадалық жаттықтыру орталығына арнайы барып Бергамо қаласынан жеңiспен оралған пара каратэшілерді құттықтап қайтты.

Қос алтын иеленген астаналық Дидар Мухамеджанов пен Ләззат Жүсіпованың кешкі жаттығу барысын тамашалап, жеке бапкерлеріне алғыстарын білдірді. 

Чемпиондармен кездесу барысында Ерлан Ермекұлы Астана қаласының спорт саласындағы жетістігі тағы бір үлкен жеңіспен толыққанын, бұл жетістіктің күшті рух пен үздіксіз шынығу және үлкен еңбектің арқасында келгенін айтып өтті.

«Сіздерді жарқын жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Кез келген спортшыға бұйыра бермейтін Сіздердің айқын жеңістеріңіз барша қазақ елінің жеңісі, оның ішінде Астана қаласы үшін зор мақтаныш. Ата-аналарыңыздың көз қуанышы болып, осындай жетістіктеріңізбен қуанта беріңіздер. Осы орайда, спортшылардың айтулы жарыста алтыннан алқа тағынып, жеңіс тұғырынан көрінуіне, осындай каратэ шеберлерін спортқа баулыған жаттықтырушыларының еңбегі өлшеусіз» – деп, ізгі лебізін жеткізді қалалық мәслихатының хатшысы

Кешкі жаттығу кезінде еліміздің абыройын асқақтатқан пара каратэшілермен мен спорт жаттықтырушысына Астана қаласы

мәслихатының хатшысы

Ерлан Ермекұлы мен мәслихат депутаты Талғат Тімкенұлы гүл шоқтарымен  арнайы сый-сияпаттарын табыстады. Сондай-ақ, Дидарға мәслихат депутаты Талғат Тімкенұлы талантты спортшыға демеу болатынын айтып қозғалыс үшін арналған спорттық арбаны сыйға тартты.

Көктен тілегені жерден табылғанына қуанған Дидар ел ағасына деген ризашылығына қатты толқыды. Өз сөзінде:

- Бұл күнді мен ұзақ күттім.

Талғат Тімкенұлы осындай маған спорттық арбаны сыйға тарту етеді дегенде қатты қуандым. Қуанышымда шек жоқ. Алдағы уақытта сенімдеріңізді ақтап, биік белестерден көрінуге бар күш-жігерімді саламын, - деді.

Кездесу барысында  паралимпиадалық жаттықтыру орталығын аралап, спортшылармен тілдесіп, алдағы желтоқсан айында Ташкентте өтетін  пара  каратэден Азия Чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тілеп қайтты.

Өз кезегінде пара каратэшілер мен жаттықтырушысы Тойжан Алшынова көрсетілген сый-құрметке ризашылықтарын білдірді.

1

1


Поделиться в соц. сетях: