Біздің мектебіміздің спортшысы Муратова Әлия Әлем чемпионатына лицензия жеңіп алды. Алматыда есту қабілеті нашар жастар мен ересек спортшылар арасында дойбыдан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарысқа 16 ер адам және 8 әйел адам қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 24 адамды құрады.
Біздің мектебіміздің спортшысы Мұратова Әлия осы жарыстарда екінші орын алып, осы жылдың тамыз айында Польшада есту қабілеті нашар спортшылар арасында дойбыдан өтетін Әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болды.