Лицензия на Чемпионат Мира по танцам на колясках

Арбамен билеуден Әлем чемпионатына лицензия

Нидерландының Кёйк қаласында арбамен билеуден Халықаралық турнир аяқталды. Жарыс 19 – 21 сәуір аралығында өтті. Жарысқа Әлемнің 15 мемлекетінен 85 спортшы қатысты. Қазақстан командасын Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы және Қарағанды облыстарының спортшылары құрады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі» турнирде 7 медальға ие болды, 3 күміс және 4 қола. Турнирдің нәтижесі бойынша бізідң спортшылар 2019 жылы күзде Германияның Бонн қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысуға лицензия ұтып алды. Спортшылардың жаттықтырушысы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спортшысы Тусупбекова Алия.

«Біздің дайындық Заманауи және Спорттық федерацияның жүйесі бойынша өтті. Жаттықтырушы ретінде мен нәтижесіне ризамын. Біздің құрама команда жарыста 14 медальға ие болды, соның ішіндегі 7 медаль елордалық спортшыларымыздың еншісінде. Украина мен Белорусьтан келген спортшылар өте мықты болды. Нидерландыдағы Қазақстан елшісінің орынбасары Уразалин Руслан және ҚР консулы Габдуллин Арнур турнирге қатысып, спортшыларымызға үлкен қолдау көрсетті, сондай-ақ жарыс күндері спортшыларды қолдау мақсатында сол жақтағы отандастарымыз да келді» - деп бөлісті Алия Майдановна.

 


Поделиться в соц. сетях: