24 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласының «Дене шынықтыру және спорт басқармасының» үздік спортшылары мен спорт қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
2020 жылдың қорытындысы бойынша біздің мектептің жаттықтырушылары Тренкеншу Виктор Эдуардович пен Оразов Дәурен Оразұлы жылдың ең үздік жаттықтырушылары болып танылды. Пара дзюдодан мектебіміздің спортшысы Азамат Жамауов "жылдың үздік пара спортшысы" атағын жеңіп алды. Мектептің баспасөз хатшысы Ким Карина жылдың үздік журналисі атанды.
Қызметкерлерімізді құттықтаймыз!