Бүгін жұмыс сапары барысында Нұр-сұлтан қаласының "Дене шынықтыру және спорт басқармасының" бастығы Самат Сәбитұлы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі" спортшыларының жаттығу процесі өтіп жатқан паралимпиадалық жаттығу орталығы мен "Тарлан" мұзда сырғанау сарайында болды.
Спорт кешендерін аралау барысында елордалық спорт басқармасының басшысы БЖСМ спортшыларымен және жаттықтырушыларымен танысып, жаттығу процесіне қатысты қиындық туғызатын мәселелер туралы сұрады, сондай-ақ барлығына мықты денсаулық пен сәттілік тіледі. Кездесу соңында Самат Сәбитұлы, БЖСМ басшылығы және следж-хоккейден құрама команда Қысқы Олимпиадада спортшыларды қолдау мақсатында челлендж түсірді.
Елордада мүгедектер арасындағы спортты дамытумен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі" айналысады. Мектеп басшысы – Әубәкіров Нұржан Өміржанұлы.
Мектепте спорттың 18 түрі бойынша жаттықтырады: жеңіл атлетика, футбол, арбамен билеу, шахмат, дойбы, грек-рим күресі, еркін күрес, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, суда жүзу, отырып ойнау волейболы, пауэрлифтинг, дзюдо, таеквандо, паракаратэ, следж-хоккей, оқ ату, армрестлинг.
Мектепте жалпы 436 спортшы жаттығады, олармен 27 кәсіби жаттықтырушылар құрамы жұмыс істейді.