Международный турнир в Польше

Польшадағы Халықаралық турнир

Варшава қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында 12 – 16 сәуір аралығында II Халықаралық турнир өтті. Жарысқа 9 мемлекеттен 14 команда қатысты. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің» спортшысы Жолашар Ернұр қола медальға ие болды.

«Халықаралық жарыстарға қатысу біз үшін үлкен тәжірибе. Біздің спортшыларымыз басқа мемлекеттерден келген спортшылармен танысып, тәжірибе алысады. Біз осы жарысқа барынша дайындалдық. Ернұрдың жасы 16-да, жүзумен айналысқанына 3 жыл болды. Азия ойындарына қатысуды жоспарлап отырмыз» - деп бөлісті жүзуден жаттықтырушы Жасанов Нурлан Рамазанович.

 


Поделиться в соц. сетях: