Ұлыбританияда Әлем Кубогінің әлемдік сериясында пара жүзуден қазақстандық спортшы күміс медаль жеңіп алды.
Әлем Кубогінің әлемдік сериясы Ұлыбританияның Шеффилд қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 21 елінен 92 спортшы қатысты. Еліміздің намысын екі пара спортшы, 2018 жылғы Азия пара ойындарының чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дәлиев Сиязбек және қарағандылық спортшы Кинах Сергей қорғады.
Біздің спортшымыз Дәлиев Сиязбек 50 метрлік қашықтықты баттерфляймен екінші болып жүзіп өтіп, әлем Кубогінің күміс жүлдегері атанды.
Қазақстандық пара суға жүзуші баттерфляй стилінде өте мықты. Азия пара ойындарында ол 50 метрлік қашықтықты баттерфляймен 37,40 секундта жүзіп өтіп, жарыс рекордын орнатқан. 2019 жылы Лондонда өткен пара жүзуден Әлем чемпионатында Сиязбек осы қашықтықты жүзіп өтуде төртінші орынға ие болып, үздік бестіктің қатарына кірген болатын.