Кездесуге елордалық спорт басқармасының өкілдері де қатысты. Сиязбек Далиев Токиода өткен Паралимпиада ойындарында баттерфляймен 50 м қашықтықта бесінші орынды иеленді.
"Елордалық Мектепке және спорт басқармасына қолдау көрсеткендері үшін үлкен рахмет. Өз нәтижеме ризамын. Алда біз спартакиадада бақ сынаймыз, соған дайындаламыз",-деді пара жүзуші.
Далиев Сиязбек-Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2018 жылғы Пара Азия ойындарының жеңімпазы, сондай-ақ биылғы жылғы ашық Еуропа чемпионатының чемпионы.