Нұр-Сұлтанда Футзалдан Қазақстан футбол әуесқойлары лигасының 2022 жылғы қысқы маусымы басталды

Нұр-Сұлтанда Футзалдан Қазақстан футбол әуесқойлары лигасының 2022 жылғы қысқы маусымы басталды

Мектебіміздің футбол жаттықтырушылары Таймамбетов Т., Сеитбеков К., Ахметов Р. есту қабілеті бұзылған спортшыларымызбен бірге жарысқа қатысуға өтінім берді.

Біздің команда "Е" Лигасында "Аспан" атауымен өнер көрсетеді. 22-23 қаңтарда Лиганың 1 және 2 туры өтті. 22 қаңтарда "Алатау" спорт сарайында бірінші турында біздің командамыз "Аспан" "Бейбарыс" командасымен кездесіп, 2-1 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары Қайырқанов Темірбек және Матвейкин Артем болды. Екінші турда 23 қаңтар күні "Жекпе-жек" спорт сарайында "Транстелеком" командасымен кездесіп, 2-1 есебімен жеңіске жетті. Соғылған голдардың авторлары Ғазизов Әділет пен Әшіров Өмірзақ.

Екі турдың қорытындысы бойынша біздің команда ең көп ұпай жинады. Келесі ойын 29-30 қаңтарда өтеді. Ойындар демалыс күндері өтеді, алда он бір тур күтіп тұр. Содан кейін жеңімпаздар тобы анықталады.

Есту қабілеті нашар спортшылар үшін дені сау футбол әуесқойларымен бірге турнирге қатысу үлкен мотивация және біздің спортшылар тек жеңіске жетуге ынталы!!!


Поделиться в соц. сетях: