Бүгін 9 қыркүйекте мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің қызметкерлері 2021 оқу-жаттығу жылына арналған спорт секцияларына қабылдау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Спорт ұйымының қызметкерлері есту қабілеті нашар балаларға арналған сыныптар мен топтар жұмыс істейтін "№65 мектеп-гимназиясына", сондай-ақ "Қоғамдық тамақтану және сервис колледжіне" барды. Оқушылар мен студенттердің алдында мектептің басшылығы мен жаттықтырушылары сөз сөйлеп, спорттың адам өміріне әсері туралы әңгімеледі.
"Нұр-сұлтан – спорттық қала!" деген ұранмен біздің қаламызда қала тұрғындарын салауатты өмір салтына шақыратын түрлі спорттық іс-шаралар өткізіледі. Бұл жай ұран ғана емес, шындықтың көрінісі. Жыл өткен сайын спортпен шұғылданғысы келетіндер көбейіп келеді, ата-аналар балаларын ерте жастан бастап әртүрлі спорт секцияларына беруде. Біздің мектеп мүгедектігі бар балалармен жұмыс істеуге бағытталған. Мектеп спортшылары елорданың жаңа спорт кешендерінде жаттығады, қаала құрамасының қатарына қабылданған кезде біз спорттық киім-кешек беріп, әлемнің түрлі қалалары мен елдеріне жарыстарға апарамыз. Спорт, мүмкіндіктердің шекарасын кеңейтуге жағдай туғызады", – деп атап өтті мектеп басшысының орынбасары Манашев Әнуар Дулатұлы.
Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі" 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Мектепте спорттың 18 түрі бойынша жаттықтырады: арбамен билеу, отырып волейбол ойнау, грек-рим күресі, еркін күрес, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, жүзу, пауэрлифтинг, үстел теннисі, футбол, таеквондо, дзюдо, паракаратэ, следж-хоккей, оқ ату және армрестлинг. Спорт ұйымы үш бағыт бойынша жұмыс істейді: паралимпиадалық, сурдолимпиадалық және паралимпиадалық емес түрлері.
Спортшылармен жоғары білікті жаттықтырушылар, спорт психологі, массажист және мектептің сурдоаудармашысы жұмыс істейді. Тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар үшін оқу-жаттығу процесіне келіп-кету үшін тасымалдау қызметі жүзеге асырылады.
Топқа жазылу бойынша сұрақтарды 8-701-548-05-22, 8-701-103-13-01, 8-707-909-33-35 телефондары арқылы хабарласып, қоюға болады.