Конституция күні

Конституция күні

Бүгін ҚР Конституциясы күнін атап өту қарсаңында мектеп қызметкерлері арасында Конституцияны қаншалықты білетіндіктері бойынша зияткерлік ойын өтті.

Қатысушылар 4 адамнан екі топқа бөлініп, 10-15 секунд ішінде жауап берулері тиіс сұрақтар берілген үш тақырыптық раунд өткізілді. Ойын қорытындысы бойынша екі команданың шешімімен достық жеңді. Өйткені, ұжымның бірлігін сақтау – әр мекеменің басты міндеттерінің бірі.

"Баршаңызды еліміз үшін маңызды мерекемен, Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын. Тәуелсіздік, Бейбітшілік пен Тұрақтылық – мемлекетіміздің құндылығы. Баршаңызға денсаулық, жетістіктер және амандық тілеймін", деп шара соңында мектеп басшысы Нұржан Өміржанұлы қызметкерлерді құттықтады.


Поделиться в соц. сетях: