«Спорт күніне» арналған шахматтан онлайн турниріміз аяқталды. Жарысқа түрлі санаттағы мүгедектігі бар 27 спортшы қатысты.
Есту қабілеті нашар спортшылар арасында жеңімпаз атанғандар:
- 1 орын - Қожахметов Сұлтан
- 2 орын - Серікбаев Жұлдызбай
- 3 орын - Мұратова Әлия.
- 3 орын - Шаимов Алмас
Көру қабілеті нашар спортшылар арасында:
- 1 орын - Савитпай Ғани
- 2 орын - Балмағамбетов Ахметкәрім
СПОДа спортшылары арасында:
- 1 орын - Ахметов Бахтияр
- 2 орын - Майкенов Бақытжан
- 3 орын - Мұқанов Әділжан иеленді.
«Біз мектебіміздің спортшылары арасында онлайн форматта бірінші рет жарыс өткіздік. Мен үшін бұл үлкен жаңалық, ұйымдастыру бойынша көптеген сұрақтар болды, алайда маған осындай онлайн турнирлерді күн сайын өткізетін досым Сағынаев Құнанбай Шаяхметұлы көмектесті. Сонымен қатар, есту қабілеті нашар спортшылармен кішігірім қиындықтар болды, өйткені оларға онлайн турнирдің ережелерін және қалай дұрыс тіркелу керектігін түсіндіру қажет болды. Оған біздің сурдоаудармашымыз Омарова Айнұр мен спортшымыз Мұратова Әлия көмектесті. Өкінішке орай, ғаламтор жылдамдығының әлсіздігіне байланысты кейбір спортшыларымыз турнирге қатыса алмады. Алайда, біз алдағы уақытта осындай турнирлерді жетілдіріп әрі жиі өткізуді жоспарлап отырмыз.
Барлық спортшыларға сәттілік, мықты денсаулық тілеп, ғажайыпқа сенуді жалғастырыңдар дегім келеді", - деді турнир ұйымдастырушысы, мектебіміздің үстел спорты түрлерінен жаттықтырушысы Сағымбай Болысбекұлы.