Открытие Чемпионата Республики Казахстан по пауэрлифтингу

Пауэрлифтингтен ҚР чемпионатының ашылуы

Бүгін елордада ТҚАЗ спортшылар арасында пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасы чемпионатының мерекелік ашылу салтанаты өтті. Республшикалық жарысқа Нұр-Сұлтан, Семей, Павлодар, Қызылорда, Тараз, Қостанай, Ақтау, Петропавл, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент қалаларынан 90-нан астам спортшы қатысады. Жарыстың жабылу салтанаты 9 мамыр күні Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында өтеді.

Мекерелік ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Маржикпаев Берик Боромбаевич, ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің атқарушы директоры Сулейменов Ерлан Муратович, «Спортты дамыту дирекциясының» директоры Ергалиев Самат Серикханович, сондай-ақ Паралимпиада жаттықтыру орталығының директоры Турлыбаев Асан Аканович қатысты.

Ел біріншілігі елордада алғаш рет өткізіліп отыр, шілде айында пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты өтеді. Жарыс спортшыларымыз үшін жақсы дайындық болады деп ойлаймыз.

«Жарыстың ашылу салтанатына қош келдіңіздер, осы жылы біздің спортшыларымыздың қатарына квалификациядан өткен 18 жаңа азаматтар қосылды. Осы чемпионаттың нәтиженсінде біз Әлем додасына іріктеу жүргіземіз. Қатысушылардың саны артып қана қоймай, сонымен қатар спортшылармыздың техникасы жақсарып келе жатқаны байқалады» - деп бөлісті пауэрлифтингтен жаттықтырушы Артур Борисович.

Мерекелік ашылу салтанатында арбамен билеуден спортшылар Раушанбеков Дастан және Бержицкая Дарья, сондай-ақ халықаралық конкурстардың лауреаты Валерий Хан өнер көрсетті. Барлық спортшыларға жеңіс тілейміз!

 


Поделиться в соц. сетях: