Мүгедек спортшыларға арналған спорттық мектептің ашылуы

22 қаңтар күні Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында біздің мектептің ашылуы салтанатты түрде өтті. 2019 жылғы қаңтар айынан бастап біз Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі» ретінде қызмет атқара бастадық.

Бізде барлығы 17 спорт түрі бар: арбамен билеу, отырып ойнау волейболы, грек-рим күресі, еркін күрес, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, жүзу, пауэрлифтинг, үстел теннисі, футбол, таеквандо, асық ату, дзюдо, бочча, голбол.

Іс-шараға көптеген баспасөз қызметкерлері жиналды, Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мажағұлов Болат Бауыржанұлы бірінші болып сөз сөйлеп, мектептің спорт түрлері жайлы және қалай қызмет атқаратындағы туралы мәлімдеді.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігінің тобына қарамастан Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтар Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында спортпен тегін шұғылдана алады. Мектеп басшысы Калин Рустам Ильясович мектеп кез келген жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдайтындығы туралы айтып өтті. 2019 жылға қойылған басты мақсат спортшылардың санын арттырып, Республикалық және халықаралық жарыстарды елордамызға көптеген медальдар алып келу.

Соңында Параолимпиадалық орталықтың басшысы Турлыбаев Асан Аканович  баспасөз тілшілеріне экскурсия өткізіп, кешеннің ерекшеліктері туралы айтып берді. Жүзу мен жеңіл атлетика спортшыларынан басқа барлық спортшылар осы орталықта жаттығады. Екі ұйымның басшылары өзара әрекеттестік туралы келісімге келді.

 


Поделиться в соц. сетях: