Отырып ойнау волейболынан ҚР Чемпионатының 2 кезеңі өтті.

  1-5 қыркүйек аралығында  Нұр-Сұлтан қаласындағы Паралимпиадалық жаттықтыру  орталығында тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында отырып ойнау волейболынан ҚР Чемпионатының 2 кезеңі өтті.

   Турнир  3 кезеңнен тұрады. Чемпионаттың бірінші кезеңі  ағымдағы жылдың  1-5 тамыз аралығында Тараз қаласында өтті.

Чемпионатқа Еліміздің 10 командасы іріктеліп,6 командасы ойынға қатысты:Жамбыл облысы,Атырау,Қызылорда,Маңғыстау,Тараз,Қарағанды қалалары өз-ара бақ сынасты. Аталмыш чемпионат  ерлер командасы арасында өтті.Ойын шарты бойынша – барлық кездесу форматы бойынша «тай-брек»ойнатылады.( 4 партия 25 ұпайға дейін,5-партия 15 ұпайға дейін)

 

Бірнеше күн бойы тартысқа толы  өткен ойын туралы,«жас спорт түрінің» өсіп-дамуына сүбелі үлес қосқан спортшы,әрі жаттықтырушы  Башенеев Азамат өз ойын білдірді:

«Бүгінгі отырып ойнау волейболының дамып келе жатқандығын,ойыншылардың құрамы жаңарып келе жатқандығынан байқауға болады.Егер бірнеше жыл бұрын ойыншылардың жасы 40-45 басталса,қазіргі уақытта ойыншаладың орташа жасы 25-30 жастан   басталады.Бұл дегеніміз,жастар арасында спортқа деген қызығушылығының зор екендігінің белгісі».

    Нұр-Сұлтан қаласының  командасы  6 команданың ішінен 4 орынға  орнықты.

Ендігі кезекте Чемпионаттың үшінші  кезеңі 14.11-19.11.2022 аралығында жоспарлануда.

Атап өтейік,Чемпионаттың жеңімпаздары отырып ойнау волейболының Ұлттық құрама командасының қатарына кіруіне тікелей жолдама алады.

1

1

1

1


Поделиться в соц. сетях: