Бүгін паралимпиадалық жаттығу орталығында БЖСМ спортшылары арасында пара таеквондо бойынша қалалық жарыстар өтті. Жарыс Наурыз мерекесі құрметіне өткізілді. Жаттықтырушы Симамбаев Ерболдың айтуынша, спорттық іс-шарада барлық санитарлық нормалар сақталып, спортшылардың саны он бестен аспаған, залда көрермендер болмаған. "Паралимпиадалық орталықтың басшылығына, жарысты өткізуге мүмкіндік бергені үшін, сондай-ақ елордалық спорт басқармасы мен мектебімізге спортшыларымызға арнап дайындаған жүлделері мен медальдары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Бұл біздің биылғы жылға алғашқы турниріміз, балалар жарыстан үлкен әсер алды, кейбіреулер үшін бұл өміріндегі алғашқы жарыс болды", - деп өз ойымен бөлісті жаттықтырушы.
Айта кетейік, жарысқа жүзуден Азия Паралимпиада ойындарының чемпионы Далиев Сиязбек қатысты. Чемпион үшін таеквандо Токиода өтетін Паралимпиада ойындарына қатысу үшін жақсы даярлық болды.
Жарыс нәтижелері:
Пхумсэ (кешенді):
Кальпебаев Руслан 1 орын
Оразхан Әлихан 2 орын
Сәбит Дінмұхаммед 3 орын
Қойшыбаев Әлихан 3 орын
Спаринг, 8-9 жастағы ұлдар:
Оразғалиев Алдияр 1 орын
Жақан Әнуар 2 орын
Спаринг, 8-9 жастағы қыздар:
Мұхамеджан Дарина 1 орын
Жамболатқызы Жаннұр 2 орын
Спаринг, қыздар 14-15 жас:
Затаева Адель 1 орын
Қалиева Анель 2 орын
Спаринг қыздар 18 жас және одан жоғары:
Есмағанбетова Айнұр 1 орын
Омарова Айнұр 2 орын
Ерлер, спаринг +57 кг:
Марденов Ринат 1 орын
Ерлер, спаринг 69+ :
Далиев Сиязбек 1 орын
Мендгалиев Тимур 2 орын
Ерлер, спаринг 89+ :
Сүлейменов Алмат 1 орын
Чемпиондарды жеңістерімен мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі басшысының орынбасары Манашев Әнуар Дулатұлы құттықтады. Барлық жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.