ҚР Спартакиадасында елордалық пауэрлифтерлер бір күміс пен үш қола медальді қанжығаларына байлады.
Үш күн бойы жүзден астам спортшы ҚР VI Спартакиадасы аясында жүлделі орындарға таласты. Жарыс паралимпиадалық жаттығу орталығында өтті. Елордалық спортшылар 4 медаль жеңіп алды: бір күміс және үш қола.
Нәтижелері:
- Жұмағұлов Нұрзат 2 орын
- Қажмұханов Дінмұхамет 3 орын
- Шибишев Сүйіндік 3 орын
- Байлин Қанат 3 орын
Спартакиаданың жабылу салтанатына Токиодағы Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярёв қатысты. Айта кетейік, бүгін жарыстың соңғы күні болды. Отырып ойнау волейболынан елордалық команда жалпыкомандалық есепте 11 команданың ішінен төртінші орынға ие болды. ҚР VI Спартакиадасының барлық жүлдегерлері мен жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!