Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары үздік атанды.

Бірнеше күн бұрын есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы ҚР ІІІ Спартакиадасы бастау алған болатын.Сайыста жекелей,командалық спорт түрлері бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен мықты спортшылар додаға түсіп,өз шеберліктерін танытуда.Жүзуден жарысқа  әйелдер мен ерлер командасы қатысты .

Шымқалаға  10 облыстың  57 спортшысы  жүзуден жарысқа қатысты. Әр түрлі дистанциялардан тұрған жарыс, бірнеше күн бойы жүрді.Жекелей  сонымен қатар өз-ара қалалар арасында  командалық жүзуден  әйелдер мен ерлер командасы  - командалық орын үшін тартысқа түсті

Спорттық бәйгеде спорттық шеберліктерін көрсеткен спортшылардың бірі –Нұр-Сұлтан қаласының «Балалар-жасөспірімдер  спорт мектебі,мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің» жүзу спорт түрінің спортшылары . Елорда намысын мектебіміздің 12 спортшысы қорғады.Нәтижесінде,кіл жүйріктің ішінен топтан озып,мектеп спортшылары командалық жарыста 1 орынды иеленді.Сонымен қатар,

Ойсылбаева Карлыгаш- 50 м шалқалап  жүзуден -1 орын,

Жарханатулы Алишер-50 м шалқалап  жүзуден -2 орын,

Гельманова Фарида-100 м баттерфляй-2 орын,

Талгатов Алишер-100 м  баттерфляй-1 орын,

Кожахметов Султан-100 м кешенді  жүзуден-1 орын,

Вайгель Света-100 м кешенді  жүзуден-2 орын,

Ермекпаев Марат- 200 м еркін стильде жүзуден-2 орын,

Жасболат Аяулым-200 м еркін  стильде жүзуден – 3 орынға тұрақтады.

4×200 еркін  стильде жүзуден әйелер командасы-1 орын 

4×200 еркін  стильде жүзуден ерлер командасы-1 орынға тұрақтады.

Атап өтетін болсақ,Нұр-Сұлтан қаласы-1 орын,Қарағанды қаласы -2 орын,Атырау қаласы -3 орынға жайғасты .

1


Поделиться в соц. сетях: