10-17 тамыз аралығында Тараз қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Тараз шаһарында тартысқа толы жарысқа еліміздің 13 облысынан 56 спортшы қатысты. Мектебіміздің атынан Қазақсатан Республикасының шахматтан спорт шебері -Мұратова Алия,спорт шеберіне үміткер-Қожахмет Сұлтан ,Айтжанов Куандык,Бегахмет Серик,1 разрядты спортшы- Шаимов Алмас қорғады.
Жастар арасында Шаимов Алмас 3 орынды иеленсе,Кожахмет Сұлтан 2 орынға орнықты.Муратова Алия жүлделі 3 орынды қанжығасына майлады.Осылайша,шахмат спортшылары жүлде қоржынын 3 бірдей жеңіспен толықтырды.