Познань қаласында (Польша) есту қабілеті зақымдалған спортшылар арасында жүзуден XXIII халықаралық кездесу аяқталды. 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында 10 елден 135 спортшы жүлделі орындар үшін жарысты.
Елордамыздың намысын астаналық спорт мектебінің спортшысы Мырзағалиев Ернар қорғады. Жарыстың бірінші күні жүзуші екі қола медаль жеңіп алды: 100 м брасспен және 200 м арқасымен. Соңғы күні Ернар өзінің жеке қоржынына кешенді жүзуде 200 м үшінші қола медалін қосты.
"Қала тарихы өте әдемі, спорттық шараны ұйымдастырушылар бізді жылы қарсы алып, спортшыларға үлкен құрметпен қарады. Барлық қатысушылар жақсы дайындалды, бізге жеңіске дейін бір қадам ғана жетпеді. Одан әрі жұмыс істейміз және өз шеберлігімізді жақсартамыз", - деді жүзуден жаттықтырушы Жасанов Нұрлан.