Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің» басшысы Калин Рустам Ильясович 2018 жылғы Азия паралимпиадасының чемпионы, 37, 40 секундта 50 метр қашықтықта баттерфляймен жүзіп жарыста рекорд орнатқан Далиев Сиязбекпен кездесті.
Спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, 2019 жылғы Берлинде өткен тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында өткен Әлем кубогының қола жүлдегері, 2010 жылы Токиода өткен Азия паралимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері және қола жүлдегері.
Бүгін елордалық құрама команда Ақтөбе қаласында мүгедек спортшылар арасында өтетін Паралимпиада ойындарына аттанды, спорттық іс-шараның ресми ашылу салтанаты 12 қыркүйекте өтеді.