Отырып ойнау волейболдан достық кездесу өтті.

Отырып ойнау волейболдан достық кездесу өтті.

8 қазан күні Паралимпийадалық жаттықтыру орталығында мүгедектігі бар адамдарға арналған мерекеге арналған отырып ойнау волейболынан қалалық жарыс өтті.

Жарысқа:ардагерлер,жастар,әйелдер,ПЖО командасының ойыншылары қатысты.

Ойын барысы туралы отырып ойнау волейболының жаттықтырушысы:Башенеев Азамат :

«Жарыс дегенен қарағанда достық кездесу десек ,дұрысырақ болар.Мереке қарсаныңда спортшыларымызды назарсыз қалдырмауды жөн көрдік.Аталмыш іс-шараға 4 команда қатысты.Бірінші орынды-ардагерлер,екінші орынды –жастар командасы,үшінші орынды-әйелдер командасы иеленді.Ойын аяқталған соң,орын алған командалар мен белсенділік танытқан ПЖО спортшылары   марапаттау қағаздары мен кішігірім сыйлықтар табысталды.

1

1

1

1

1


Поделиться в соц. сетях: