Бүгін "Тарлан" мұз кешенінде следж-хоккейден ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қалалық Ашық Чемпионат өтті.
Чемпионаттың салтанатты ашылуында мектеп басшысы Нұржан Өміржанұлы Әубәкіров барлық спортшылар мен жаттықтырушыларды келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жарыс демеушілеріне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Жарыс қорытындысы бойынша "Тарлан" командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші орында "Арыстан" командасы, “Бүркіт" командасы қола жүлдегер атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, сыйлықтармен және кубоктармен марапатталды.