Бүгін мектеп басшысы Нұржан Өміржанұлы Әубәкіров мектеп қызметкерлері мен жаттықтырушыларына референдумды қолдауға қатысты жиналыс өткізді. Конституцияға түзетулер енгізу бойынша Референдум 5 маусымда өтеді.
Референдум - бұл мемлекеттің өмірдегі маңызды мәселелері шешілетін, елде өткізілетін жалпыхалықтық дауыс беру.
"Конституцияға түзетулер енгізу жобасы бойынша азаматтардың жалпыға бірдей дауыс беруі біздің демократиялық қағидаттарға берік ұстанымымызды көрсетеді. Алдағы референдум әрбір азаматтың Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуына мүмкіндік береді", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы мәліметтерді ресми веб-сервистер және Telegram чат-боттары арқылы онлайн режимде біле алады немесе iKomek бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі бойынша қоңырау шала алады.
Сегодня руководитель школы Аубакиров Нуржан Омиржанович провёл для тренеров и сотрудников школы собрание в поддержку проведения референдума.