7-8 ақпан аралығында Мәскеу облысының Пушкино қаласында (Ресей) спорттық жекпе-жек және жауынгерлік өнерден "Теңапостольды Николай Японский Кубогі" X фестивалі өтті. Жарысқа Ресей, Жапония және Қазақстан спортшылары қатысты.
Еліміздің намысын Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек-спортшыларға арналған спорт мектебінің» спортшылары Жүсіпова Ләззат пен Бексырғаұлы Керім қорғады. "Біздің Ләззат жарыста алтын медаль, Керім күміс медальді жеңіп алды. Турнир жақсы өтті, Пушкин қаласында өткен жарыста бізді жерлесіміз Роман қарсы алып, көмек көрсетті. Татамидегі паракаратэшілердің мамами күрестері таңғалдырды, бұл қуатты әрі рухтандыратын сәт болды.
Жапония командасы wkf каратэсі мен сумо бойынша өнер көрсетті. Жыл сайын өткізілетін турнирге Хокайдо және Пушкино губернаторлары, Ресей Федерациясының Бала құқығы жөніндегі уәкілі Анна Кузнецова қатысты. Менің спортшыларым үшін бұл үлкен тәжірибе болды", - деді паракаратэ бойынша қала жаттықтырушысы Мейрамгүл Дукуева.