Алматы қаласында өтіп жатқан армрестлингтен Азия Чемпионатына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран, Түрікменстан, Моңғолия елдерінен алты жүзден аса спортшықатысуда.
Азия біріншілігі спортшылар мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өтуде.
Байрақты бәсекеде елордалық спортшылар екі алтын екі күміс жүлдені жеңіп алды. ЕркінӘлімжанов 80 келі салмақ дәрежесінде екі алтын медаль игері атанса, 75 келіде Бекзат Бүркітов екі күміс жүлдеге қол жеткізді.
Нұр-Сұлтан қаласында пара армрестлинг жаңадан ашылған спорт түрі болғандықтан бұл біздің спортшылардың алғашқы Азия чемпионаты. 2021 жылы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінде" армрестлинг бойынша секция ашылды. Қазіргі таңда спортшылар паралимпиадалық жаттығу орталығында жаттығады.
"Елордалық БЖСМ басшылығының шешімімен біз мектепте пара армрестлинг бөлімін аштық. Бірінші кезең спортшыларды іріктеу болды. Бір таңқаларлығы тілек білдірушілер өте көп болды. Кез-келген спорт түрі секілді, бұл жерде тәртіп маңызды. Балалар жаттығуға жауапкершілікпенқарайды және себепсіз жіберіп алмауға тырысады. Шын мәнінде, дайындыққа уақыт аз болды, бірақмен өз спортшыларымның өнеріне ризамын,алғашқы жарыс үшін бұл өте жақсы көрсеткіш.Финалда біздің спортшымыз Өзбекстан чемпионын жеңіп, ұлттық құраманың қоржынына алтын медаль әкелді. Қазір біздің жоспарымызда мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында армрестлингті дамыту, сондай - ақ олрмен жұмыс істеп, нәтиже шығару" - деді елордалық спорт мектебінің жаттықтырушысы, армрестлингтен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ахмедов Заир Далимбекұлы.