ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитетінің басшысы Қайрат Боранбаев наурыз айында өз қаражатынан 10 заманауи инватакси сатып алып, оларды біздің әдемі елордамызға сыйға тартты. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің» балансына екі арнайы көлік берілді
Бүгін салтанатты түрде Нұр-сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен елордалық спорт мектебінің басшылығына екі спортшыға арналған көлік кілттерін табыс етті. Арнайы көліктер толықтай әлемдік стандарттар бойынша жабдықталған және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт мектебінде халықаралық жарыстарда елордамыздың атынан шығып жүрген 16 спорт түрінен 300-ден астам спортшы бар. Арнайы жабдықталған көліктер спортшыларды жаттығу залына жеткізумен қызмет етеді, бұл ерекше қажеттілігі бар көптеген адамдарды спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді.