15-17 наурыз аралығында Қарағандыда Наурыз мейрамына орай мүгедектігі бар спортшылар арасында үстел теннисінен "Қарағанды Open" Ашық республикалық турнирі өтті.
Чемпиондық атаққа 12 команда таласты, бұл жүзден астам спортшы. Елордамыздың намысын Алтынай Ержанқызы қорғады, теннисші жеке жарыстардан алтын, абсолюттік жарыста алтын және ерлер арасындағы жарыста күміс медаль жеңіп алды.