Ашық турнир

Ашық турнир

Паралимпиадалық жаттығу орталығында Наурыз мерекесі құрметіне отырып ойнайтын волейболдан ашық қалалық турнир өтті. Ардагерлер командасы жеңімпаз болды, екінші орында жастардан құралған ерлер құрамасы және әйелдер командасы қола жүлдегер атанды.

"Бұл турнирді жыл сайын елордалық спортшылар арасында өткізіп тұрамыз. Бұл жолы ардагерлер командасы жеңіске жетті, олар осы кезге дейін ерлер құрамасын жеңе алмай келген еді. Пандемияға байланысты біз санитарлық нормаларды күшейттік және спортшылар саны белгіленген нормадан асқан жоқ. Біздің мақсатымыз биылғы жылы волейболшылар контингентін арттырып, бірнеше жаңа команда ашу", — деді ерлер құрамасының жаттықтырушысы Азамат Башенеев.

Турнир жеңімпаздары мақтау қағаздарымен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.

 


Поделиться в соц. сетях: