Елордалық спорт мектебінде мүгедек спортшыларға арналған жаңа спорт түрі – следж-хоккей ашылды.
Следж-хоккей мұз үстіндегі хоккейдің паралимпиадалық нұсқасы болып табылады. Бұл спорт түрі алғаш 1994 жылы Лиллихамерде өткен Қысқы Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді. Сол сәттен бастап көп ұзамай-ақ ең тартымды спорт түрлерінің біріне айналды. Бұл жоғары жылдамдықты, үлкен физикалық күшті қажет ететін ойын. Дененің төменгі бөлігінің қозғалыс қызметі бұзылған спортшыларға арналған және командалық ойын.
Жаттығулар Тұран даңғылы 5\1 мекен-жайында орналасқан "Тарлан" мұз айдынында өтеді. Спортшыларды қаламыздың следж-хоккейден аға жаттықтырушысы Бикситов Тимур Ахметқалиұлы жаттықтырады.
Қазіргі уақытта секцияға қабылдау жүргізілуде. Толық ақпаратты 8-701-548-05-22 телефоны арқылы білуге болады.