Елордалық паракаратистер Тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының VI-Спартакиадасында жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.
2021 жылғы 21 қыркүйек - 5 қазан аралығында Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI-Спартакиадасы өтуде. Іс-шараның мақсаты мүгедектігі бар адамдардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Паракаратэден жарысқа Қазақстан Республикасының 6 өңірінен спортшылар қатысты. Айта кетейік, аталмыш спорт түрінен жарыс спартакиада аясында алғаш рет өтті. Елордалық спортшылар екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Нәтижесінде біздің спортшылар жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Спартакиада нәтижелері бойынша қараша айында Дубайда өтетін Әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды.
Нәтижелері:
- Жүсіпова Ләззат 1 орын
- Бексырғаұлы Керім 1 орын
- Нұрмағанбетова Алина 2 орын
- Мұхамеджанов Дидар 3 орын
Спортшыларды марапаттауға каратэден Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Асәділов Дархан мен Берульцева Софья қатысты. Спортшыларымыз бен жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз!!!