Спорт күні

Спорт күні

Бүгін мектеп басшысы Нұржан Өміржанұлы Әубәкіров «Спорт күні» мерекесі қарсаңында салтанатты түрде осы жылы ерекше көзге түскен мектеп қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады.

Қазақстанда Спорт күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Бұл күні бүкіл Қазақстан бойынша түрлі спорттық жарыстар өткізіледі, қазіргі уақытта карантинге барлық бұқаралық іс-шаралар тоқтатылып, онлайн форматқа ауыстырылды. Осыған орай, біз "барлығына арналған Инваспорт" тақырыбында төрт күндік онлайн-семинар өткіздік, ал 15 тамыз күні мектеп спортшылары арасында шахматтан онлайн турнир өткізу жоспарлануда.

Спорт саласының барлық қызметкерлерін келе жатқан "Спорт күні" мерекесімен құттықтаймыз және жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!!!

 


Поделиться в соц. сетях: