Спартакиада

Спартакиада

Елордалық пара дзюдошылар ҚР Спартакиадасында жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алды.

Бүгін паралимпиадалық жаттығу орталығында тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI Спартакиадасы аясында пара дзюдодан жарыс аяқталды.
Нұр-сұлтан қаласының командасы жарыста бір алтын, екі күміс және төрт қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды.

Нәтижелері:

  • Жамауов Азамат - 1 орын
  • Қайранов Бауыржан - 2 орын
  • Жаннетова Нұржайна - 2 орын
  • Досан-Аман Жандос - 3 орын
  • Арыстанбеков Бауыржан - 3 орын
  • Шәмей Ерғали - 3 орын
  • Шаймерденов Қайрат - 3 орын

Спортшыларды елордалық мүгедек спортшыларға арналған мектептің басшысы Нұржан Өміржанұлы Әубәкіров, сондай-ақ Токиода өткен Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері Теміржан Дәулет пен Әнуар Сариев марапаттады. Спортшыларымызды, сондай-ақ елордалық құраманың жаттықтырушысы Оразов Дәурен Оразұлын жеңістерімен құттықтаймыз.

29.09.21 3


Поделиться в соц. сетях: