Спартакиада

Спартакиада

Елордалық қол арбада отырып билеушілер Қазақстан Республикасының спартакиадасында жалпыкомандалық үшінші орынды жеңіп алды.

Қазір Шымкентте тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI-спартакиадасы өтуде. Қол арбада отырып билеуден жарысқа алпысқа жуық спортшы, барлығы 11 команда қатысты. Елордалық спортшылар спартакиадада 14 медаль жеңіп алды, бұл біздің командамызға жалпыкомандалық үшінші орын алуға мүмкіндік берді.

Нәтижелері:
Сингл, әйелдер, 1 сынып, жалпы бағдарлама:
1 орын Алиева Севда
3 орын Бехайри Аруа

Сингл, әйелдер, 2 сынып, жалпы бағдарлама:
1 орын Мұқтарова Малика

Сингл фристайл, әйелдер, 2-сынып:
1 орын Мұқтарова Малика

Сингл фристайл, 1 сынып:
3 орын Алиева Севда

Сингл, ерлер, 1 сынып, жалпы бағдарлама:
1 орын Оторбаев Ардақ

Сингл, ерлер, 2 сынып, жалпы бағдарлама:
4 орын Абуов Құрбанәлі

Дуо фристайл, 2 сынып:
2 орын Абуов Құрбанәлі және Алиева Севда
4 орын Раушанбек Дастан және Мұқтарова Малика

Комби стандарт, 1 сынып
1 орын:
Оторбаев Ардақ және Бегленова Айдана

Комби латина, 2 сынып:
1 орын Карев Рустам және Мұқтарова Малика

Комби фристайл, 2 сынып:
1 орын Карев Рустам және Мұқтарова Малика


Поделиться в соц. сетях: