ҚР Спартакиадасында оқ атудан елордалық спортшылар жалпыкомандалық екінші орынды жеңіп алды. Елордалық спортшылар оқ атудан екі алтын мен екі күміс медаль жеңіп алды.
Бүгін "Алау" мұзда сырғанау сарайында оқ атудан жарыс аяқталды. Елордалық мектеп спортшылары төрт медаль жеңіп алды: екі алтын және екі күміс:
- Александр Пасхалиди – алтын (мылтық), алтын (тапанша)
- Аушамов Серікбай – күміс (мылтық)
- Мұқтарова Малика – күміс (мылтық)
Спартакиада нәтижелері бойынша біздің спортшылар ҚР СШК және ҚР спорт шеберлерінің спорттық нормативтерін орындады! Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!!